41

Материалдар

География және тарих апталығы

«Білімнің көзі кітапта»

Жақында Тегістік ЖББОМ-де «Білімнің көзі кітапта» атты Тарих және География  апталығы өткізілді. Апта бойы 7-11 сыныптар арасында география, тарих, пәндерінен  «Білімнің көзі кітапта» сайысы өткізіліп, көп ұпайлар жинаған сынып апталық соңында марапатталды. Бұл сайыста әрине 9,10 сынып 1 орынға иеленсе, 7 және 11 сыныптар 2, 3 орындарын  алды. Оқушылар тарапынан бұл сайысқа деген қызығушылық белгісі, олар күн сайын бұл сайысты күтті.

 3  4

Сейсенбі күні жоспар бойынша «Бәйге » көңілді тапқырлар атты сайысы өтіп,  9-10 және 7-11  сыныптардан құрама топ құрылып, география және тарих пәндерінен тапсырмалар орындалды.

Әсіресе 9 сыныптан Сейтахмет Еркежан, Шарипов Ержан, Зейноллаев Дархан, Шорманов Мақсат, Орманбаев Әділет белсенді қатысты. Ал, 7-11 сыныптардан Шорман Назгүл мен Нүргүл, Шорманова Маржан  өте жақсы қатысты. Бұл тек қана білімді тексеру емес, сонымен қатар бойларында бар шығармашылық және тапқырлықты көрсете білу. «Тұлпар», «Сұңқар» тобы сайысқа қатысып, өнер мен білімдерін ортаға паш етті.

Ал, Сәрсенбі  күні 9,10 және 7,11 сыныптарымен   « Кім тапқыр »  сайысын ұйымдастырды.  Арнайы карта мен оқушылар жұмыс істеді, «Жұмбақ шешу», 1 ші бөлім оқушылар екі топқа бөлініп, жұмбақ жасырылды, 2 ші бөлімде «Ой қозғау» осы бөлімде екі топқада сұрақтар беріліп оқушылар жүйелі түрде жауап берді, ал 3 ші бөлімде «Сандық ұяшықтар» бөлімінде оқушыларға әр ұяшықта сандар берілген болатын, осы ұяшықтардан сандар таңдап алғаннан кейін оқушыларға сұрақтар қойылды.

Ал, Бейсебі күні «Көңілді тапқырлар» сайысы өтті. Бұл сайыс 4 бөлімнен тұрды. 1 ші бөлімде «Құпия сандық сайысы» мұнда екі топқа жұмбақтар берілді, тапқан оқушылар екі тілде осы сұрақтың жауабына жуап берді, ал 2 ші бөлімде, «Ойлан тап» Сөз жұмбағы жасырылды. Екі топқада әр түрлі сұрақтар берілді, яғни тарих және география пәндері бойынша. 3 ші бөлімде ребус берілді әр топқа да ал 4 ші бөлімде, сөздерді құрастыр бұл ойын, оқушылардың ойын дамытуға арналған.

Ал, Жұма күні «Миллион кімге бұйырады атты» интелектуалдық шоу тарихи-танымдық ойыны өткізілді. Әр топқа осы сайыста ойын ережелері түсіндірілді. Оқушылар өте белсенді қатысты, Әр топтан топ басшылары ортаға шақырылып, сұрақтар берілді, оқушылар тиімді де түсінікті жауап берді. Тарихи-танымдық ойыны аяқталғаннан кейін қатысқан оқушылардың бәріне де «Миллион кімге бұйырады» дипломы табыс етілді.

Апталық соңында яғни сенбі күні білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салған сыныптар мен жеке оқушылар марапатталып, туған жердің тарихы мен табиғатына деген қызығушылық таусылмасын деген ұранмен, бейнелеу, музыка және денетәрбиесі апталығына жолберілді.